Қарағанды облысында 7 адам қар құрсауында қалған

Қарағанды облысында 7 адам қар құрсауында қалған
Фото: Midjourney

Қарағанды облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 7 адамды құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Таңертең Осакаровка ауданында Степное ауылынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған.

Құтқарушылар дереу оқиға орнына жетіп, көлік ішіндегі 7 адамды, оның 5-еуі бала қар құрсауынан шығарды. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Азаматтар жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді.

ТЖМ қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Ауа райының өзгеруін, жолдардағы қозғалыстың шектелуін қадағалауды сұрайды.

Еске салайық, бүгін бірнеше өңірде жол жабылып, ТЖМ жедел желіні іске қосты. 

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметтері бойынша қолайсыз ауа райы жағдайларына, қатты желге және көрінудің шектелуіне байланысты 5 өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде қозғалыс жабық және шектелген. 

Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарында көлік құралдарының барлық түрлерінің қозғалысы жабық.

ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында 8 (7172) 70-41-14, сондай-ақ Ақмола облысының ТЖД 8(7162) 52-09-50 жедел желісінің телефоны ашылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина