- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысында 50...
Қарағанды облысында 50 жастағы ер адам далада үсіп өлген
Қарағанды облысында 50 жастағы ер адам далада үсіп өлген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 20 ақпан күні сағат 15:54-те Қарқаралы ауданында Бесоба ауылынан 20 шақырым жерде төтенше жағдайлар департаменті, полиция бөлімі, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті тұрғындардың күштерімен 1972 және 2002 жылы туған ер адамдарды іздестіру жұмыстары жүргізілді.
"Олар 19 ақпанда Қарағанды қаласынан "Алайғыр" кен орнына "Нива" автокөлігімен шығып, діттеген жеріне жетпей қалған. 20 ақпан күні сағат 08:00-де кен орнының күзетшілері 2002 жылы туған ер адамды межелі жерден 5 шақырым жерден тауып, Бесоба ауылындағы ауруханаға жеткізді. 21 ақпан күні сағат 12:05-те Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-іздестіру тобы "Алайғыр" кен орнынан 6 шақырым жердегі ашық алқаптан екінші ер адамның денесін тапты", - делінген хабарламада.
Ведомство қолайсыз ауа райы кезінде, әсіресе, түнде ұзақ қашықтыққа жолға шықпауды ескертті.
"Жолға шықпас бұрын көліктің техникалық жарамдылығын тексеріңіз, ауа райы болжамы мен дауылды ескертулер туралы хабарламаларды қадағалаңыз", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан