- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысында 27...
Қарағанды облысында 27 миллиард теңге негізсіз жұмсала жаздаған
Қарағанды облысының прокуратурасы жалпы сомасы 27,3 миллиард теңге болатын 54 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бюджет қаражатының жұмсалуы саласына жүргізілген талдау мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуын анықтады.
Атап айтқанда, "Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-нің жауапты қызметкерлері заң талаптарына қайшы түрде, су құбырын күрделі жөндеу бойынша 625 млн теңгеге мемлекеттік сатып алуды жобалық-сметалық құжаттамасыз және сараптамалық қорытындысыз өткізген.
Тағы бір жағдайда, "Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ 75,2 млн теңге сомасына ластаушы заттардың шығарындыларының мөлшерін өлшеуге арналған жабдықтар мен аспаптарды сатып алуды негізсіз жоспарлаған, бұл ретте шығарындыларды өлшеу аталған мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатпайды.
Қабылданған шаралардың арқасында бюджет қаражаты облыстық бюджетке қайтарылып,қайта бөлуге жіберілді.
Бюджет қаражаттарының жұмсалу мәселесі қадағалау органының бақылауында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина