- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысында 20...
Қарағанды облысында 20 күн бұрын жоғалған балықшы өлі табылды
Қарағанды облысында 20 күн бұрын жоғалған балықшы өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.
Жоғалған балықшыны Самарқанд су қоймасының бірінші жағалаудағы сорғы станциясы аймағында іздеу жұмыстары жиырма күннен аса жүргізілді. 19 сәуірде ер адам өлі табылды.
31 наурыздан бері Теміртауда балық аулауға шығып, үйіне оралмаған балықшыны іздеу жұмыстары белсенді жүргізілді. Құтқарушылар да, еріктілер де жоғалған адамды іздестірді. Өкінішке қарай, ер адам өлі табылды.
"Теміртау қаласы, Самарқанд су қоймасы, "Ізба" демалыс аймағы аумағында 19 сәуірде сағат 12:20-да төтенше жағдайлар қызметінің күштері жағалаудан 70 метр қашықтықтан су бетінде, қамыс аймағында 1960 жылы туған ер адамның денесін тапты", - деп хабарлайды ТЖД өкілдері.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек