- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысында 2...
Қарағанды облысында 2 бала өлі табылды: тың деректер жарияланды
Қарағанды облысында келіншек өз бүлдіршіндерін буындырып өлтірген Қарағанды облысында 2 және 4 жастағы бүлдіршіндерді өлтірді деген күдікпен туған шешесі қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап.
Бейресми ақпарат бойынша 20 жастағы келіншек бауыр ете балаларын буындырып өлтірген.
Гагарин ауылына азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар өткен жылы күзде Теміртау қаласынан көшіп келген. Екеуі де жұмыссыз. Бірақ жағдайы нашар ретінде тіркеуге алынбапты. Келіншек оның алдындағы некелерінен үш бала туған. 16 жасында тапқан тұңғышы төртте, ортаншысы 2 жаста, кішісін босанғанына жыл толмапты.
Келіншек емізулі нәрестесіне ғана тиіспепті. Қазір ол балалар үйінде.
Ауыл әкімінің айтуынша, полицияны кеше кешкілік оның күйеуі шақырыпты. Қылмыс ол үйде жоқ кезде жасалған. Күдікті 2019 жылға дейін психдиспансер тізімінде тұрған екен. Көршілері бұлардың ешкіммен араласпайтын, жиі жанжалдасатынын айтады.
"Қыстыгүні әйелін бала-шағысымен далаға қуып шығарғанын көргендер бар. Ұрыс-керіс болып тұратын. Біздің учаске инспекторы осылардың үйінен шықпайтын. Бір шара қолданған шығар, кім біледі. Бірақ мына сұмдықты естігенде, есімізден танып қалдық", - деді Гагарин аулының тұрғыны Зура Хаджаева.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы