Қарағанды облысында 155 шахтер шұғыл эвакуацияланды

7 қараша күні сағат 20:29-да Qarmet-тің Орталық диспетчерлік басқармасына "Абай" шахтасында электр энергиясының тоқтағаны туралы хабар түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жағдай "Қарағанды Жарық" ЖШС-ның №9 трансформаторлық станциясында электр қуатының тоқтауы салдарынан туындаған.

Жедел түрде персонал эвакуация жоспарын іске қосты, нәтижесінде ауысымда болған 155 адам қауіпсіз түрде жер бетіне шығарылды.

Кәсіпорынның барлық қызметтері жедел әрекет етіп, бекітілген жұмыс алгоритміне сәйкес жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта электр энергиясы қалпына келтірілді.

Тиісті қызметтер жағдайды талдап, кәсіпорын жұмысын қауіпсіз түрде қайта бастау үшін шахтаны дайындап жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!