Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында Қарағанды - Аягөз - Бұғаз тас жолының 27-шақырымында жолаушылар автобусының моторы өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт кезінде автобуста 15 жолаушы болған, оның ішінде 7 бала көліктен өздігінен шыққан.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!