Ішкі істер министрлігі 13 жастағы жасөспірімді іздеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағанды облысы Абай қаласында 2012 жылы туған Рыс Бейбарыс Бекнұрұлы із-түссіз жоғалып кеткен. Ол 1 сәуірде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
"Бойы шамамен 150-155 сантиметр, дене бітімі орташа. 7-сынып оқушысы. Қара күртеше, қызғылт сары футболка, қара шалбар және жасыл аяқ киім киген. Қазір полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Полиция жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-707-444-07-74, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе 102 арнасына хабарлауды сұрады.
Тәртіп сақшылары кез келген ақпарат маңызды екенін ескертіп, азаматтарды бей-жай қалмауға шақырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова