- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысынан Біріккен...
Қарағанды облысынан Біріккен Араб Әмірліктеріне қой экспортталуда
Қарағанды облысы Біріккен Араб Әмірліктеріне қой экспорттауды бастады. Жаңаарқа ауданындағы «Жеңіс» асыл тұқымды мал шаруашылығы «Myco Trading FZE» азық-түлік, ет, ауылшаруашылық өнімдерін жетекші БАӘ импорттаушылардың бірімен 5 мың қойды жеткізу туралы келісімшарт жасасты, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігіндегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бөлімі хабарлады.
Қыркүйекте мал өсірушілер мың бас көлеміндегі ұсақ қара малдың алғашқы тобын шет елге жіберді.
«Біз араб компаниясымен сәтті келіссөз жүргіздік. Ол үшін бізге БАӘ-дегі Қазақстан Елшілігі көмектесті. Келісімшарт бойынша, біз оларға тірі қойларды жібереміз, ал олар өз технологиялары бойынша сояды, - деді «Жеңіс» асыл тұқымды мал шаруашылық зауыты» ЖШС директоры Жамбыл Жүндібаев. - Мың қойды көлікпен Тараз әуежайына жеткіздік. Сол жақтан ұшаққа тиеп, әуе рейсі арқылы БАӘ аттандырылды».
Бұған дейін хабарланғандай, «Жеңіс» ЖШС «сарыарқалық қылшық жүнді етті» қой тұқымын өсірумен айналысады. Шаруашылық будандастыруға басымдық береді.
Оның айтуынша, кәсіпорын жылына 130 тоннаға дейін қой етін, оның ішінде 90 тонна - қозы етін өндіре алады.
Дереккөз: inform.kz
T. Кіршібаев