- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысы Тұңғыш...
Қарағанды облысы Тұңғыш Президент кітапханасына теңдессіз тарту жасады
Кеншілер қаласынан Астанаға 100 томдық «Сарыарқа кітапханасы» атты шығарма жеткізілді.
Жинаққа 352 автордың еңбегі енген. Қаз дауысты Қазбек биден бастап бүгінгі заман қайраткерлерінің туындылары да бар. Жинақты құрастырып шығуға екі жыл уақыт кеткен. Әр том 800 данамен таралған.
Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі: - Рухани мұрамызды насихаттау мақсатында аймағымызда бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Солардың бірі – «Сарыарқа кітапханасы» сериясы шыққан 100 томдық шығармалар жинағы. Бұл басылымға Бұқар жыраулардан бастап бүгінгі тәуелсіз ел әдебиетінің өкілдеріне дейін қамтитын ақын-жазушылардың шығармалары енді.
Алдан Смайыл, қоғам қайраткері, жазушы: - Осы серия шыққаннан кейін ол жұмыс істеу керек. Ол тұрмау керек. Насихаттауымыз керек. Мәселен Қарағанды шығарды ма, Қарағанды университеті бар, басқа да оқу орындары бар, соның әдебиет және филология факультеттерінде осы серия бойынша қысқаша курс оқылу керек. Өйткені жергілікті жастар білуі тиіс. Назарбаев кітапханасында тұрмыз ғой. Осындай ірі кітапханаларда мынандай жақсы шығармашылық кештер өткізуге болады.
Дереккөз: 24.kz
Б. Қанатұлы