- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысы полиция...
Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкері іздестіріліп жатыр
Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысы полиция департаментінің лауазымды қызметкеріне іздеу салды. Тергеу департаментінің бұрынғы бастығы Рустам Күлкеевке ұрлық жасады және қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Рустам Күлкеев 2021 жылы жасалған қылмысқа күдікті ретінде танылған. Сол жылы облыстық полиция департаменінің тергеу басқармасын басқарған. Қызметтік лауазамын пайдаланып, қылмыстық істе айғақтар ретінде алынған майнинг құрылғыларын қолды қылған. Оған басқарманың тағы бір тергеушісі көмектескен.
Екеуі де қазір тергеліп жатыр. Күлкеев Саран полиция бөлімі бастығы қызметінен екі ай бұрын босатылған, ол күдікті ретінде тергеуге келмей қалған. Үйінде де жоқ екен. Жақын арада келмесе, оған халықаралық іздеу жарияланады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан