WhatsApp мессенджерінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевтың жалған аккаунты пайда болды. Бұл аккаунттан қаржылық көмек сұраған хабарлама таратылып жатыр. Бұл - жалған аккаунт, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі тарағалған хабарламаға қатысты пікір білдірді.
"WhatsApp мессенджерінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың атынан ақша сұраған хабарлама тарады. Бұл - фейк. Бұл - интернет-алаяқтардың ісі.
Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз, ақша аудармаңыздар және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер", – деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!