- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысы әкімінің...
Қарағанды облысы әкімінің атынан жалған хабарлама таратылып жатыр
WhatsApp мессенджерінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевтың жалған аккаунты пайда болды. Бұл аккаунттан қаржылық көмек сұраған хабарлама таратылып жатыр. Бұл - жалған аккаунт, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі тарағалған хабарламаға қатысты пікір білдірді.
"WhatsApp мессенджерінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың атынан ақша сұраған хабарлама тарады. Бұл - фейк. Бұл - интернет-алаяқтардың ісі.
Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз, ақша аудармаңыздар және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер", – деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек