- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- жолдың жабылуы
Қарағанды мен Ақмола облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
"ҚазАвтожол" екі облыста тасжол жабылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысында жексенбі, 10 қарашада сағат 20:30-да Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты Екатеринбург-Алматы тасжолының 1353-шақырымнан 1446-шақырымға дейінгі учаскесінде жүк және жолаушылар тасымалына шектеулер енгізілді (Ақмола облысының шекарасынан Теміртауға дейін).
Дәл осы уақыттан бастап Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Екатеринбург-Алматы тасжолының 1291-1353 шақырымы аралығында (ПВП Жібек жолы - Қарағанды облысының шекарасы) жүк және жолаушылар тасымалына шектеу қойылды.
Жолдың қайта ашылуы 11 қараша күні сағат 08:00-де болады деп жоспарланып отыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева