Қарағанды маңындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам қаза тапты

Фото: Видео кадры

Қарағанды - Балқаш тасжолында болған жол апаты видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

16 тамызға қараған түні Қарағанды - Балқаш тасжолында, Спасск кентінен екі шақырым жерде Hyundai Elantra және "ГАЗель" автомобильдерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан 32 жастағы шетелдік көлік жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 35 жастағы "ГАЗель" жүргізушісі және оның екі жолаушысы, сондай-ақ Hyundai Elantra-дан үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан кадрлар пайда болды.

"Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қарағанды облысының полициясы жүргізушілерді мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә