Қарағанды көшелерін жөндеуге бөлінген 2 миллиард қаржы ұрланған. Бұл туралы Қарағанды облысының соты мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қарағанды облысы прокуратурасы өткізген тексеріс нәтижесінде Қарағанды көшелерін күрделі жөндеуге бөлінген 2 миллиард теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды. Атап айтқанда, Қарағандының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғалары нақты орындалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойып, бюджет қаражатының ұрлануына жол берген", - делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның, оған теңестірілген адамдардың, лауазымды адамның, егер олар өзінің қызметтік жағдайын пайдаланумен ұштасқан болса, аса ірі мөлшерде бөтен мүлікті иемденуі немесе ысырап етуі) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қылмыстық іс прокуратураның бақылауында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!