Қарағанды және Павлодар облыстарының шекарасындағы алапат өрт сөндірілді

Қарағанды және Павлодар облыстарының шекарасындағы алапат өрт сөндірілді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар және Қарағанды облысындағы табиғи өрт сөндірілді. Өрттің ауданы анықталып жатыр. 

Еске салайық, бірнеше күннен бері екі облыс шекарасында өрт болды. 

Ашық аумақта алдын ала ақпарат бойынша ауданы 35 мың гектар құрғақ шөп жанды. Қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындата түсті. 

Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының күштері мен құралдарынан 386 адам, 64 бірлік техника, ҚР ТЖМ мен Қорғаныс министрлігінің әуе кемелері жұмылдырылуда. Табиғи өртті сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралдар 4 жауынгерлік учаскеге бөлінді.    

Әуе кемелері өрт ошақтарына барлығы 30 рет 50-ден астам тонна көлемінде су төкті.
Ұлттық ұлан, Кувский орманшылығынан, жергілікті атқарушы органдардан, Қарағанды және Ақмола облыстары ТЖД, ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінен қосымша күштер мен құралдар жіберілді.

Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы өрттің жалпы ауданы 45 мың га болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина