Қарағанды – Балқаш тас жолында көлік апатынан бес адам қаза болды. Апаттан тірі қалған жүк көлігінің жүргізушісі омыртқасы сынып ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Апат Ақсу-Аюлы кентінен өте берісте таңғы сағат он шамасында болған.
Рено жүк көлігі мен Тойота бетпе-бет соқтығысқан. Жеңіл көлікте отырған төрт жолаушы мен жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал жүк көлігін тізгіндеген азаматтың миы шайқалып, омыртқасы сынған.
Әзірше қай көліктің қарсы бағытқа шығып кеткені белгісіз. Полицейлер "екі жүргізушінің бірі рөлде ұйықтап кетуі мүмкін" дейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!