Қарағанды - Астана тасжолы уақытша жабылды

Қарағанды - Астана тасжолы уақытша жабылды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қарағанды - Астана бағытындағы республикалық маңызы бар тасжол ауа райы күрт өзгеруіне және жауын-шашын күшеюіне байланысты уақытша жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген қызмет режиміне көшкен.

"Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды ауа райы қолайсыздығын ескеріп, алыс жолдарға шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады", - деп жазылған хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қарағанды полициясы (@policeofkaraganda)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget