- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды әкімінің телефонына...
Қарағанды әкімінің телефонына хакерлерлік шабуыл жасалған
Фото:
gov.kz
Қарағанды әкімі Мейрам Қожухов сенбіде Instagram-парақшасында телефонына хакерлер шабуыл жасағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Менің телефоным бұзып алынды. Мән бермеңіздер және ештеңе жібермеңіз!" – деп жазған ол.
Әкімнің телефонын нақты кім бұзғаны айтылмаған. Сондай-ақ, шенеуніктің бұл мәселеге қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек