Қара түтін Алматы тұрғындарының үрейін ұшырды

Алматыда Саяхат маңындағы қара түтін тұрғындардың үрейін ұшырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде видеолар тарады.

Қалалық ТЖД өкілі жағдайға пікір білдірді.

"Сағат 09:06-да Жетісу ауданындағы Сүйінбай даңғылында фаст-фуд дүңгіршегі өртенгені туралы хабарлама түсіп, өртсөндірушілер жолға шықты. Олар жеткенде, дүңгіршек шамамен 10 шаршы метр аумақта жанып жатқанын анықтады. Өрт сағат 09:17-де ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ", - деді ТЖД өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз