Абай облысында 15 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Абай облысының полиция қызметкерлері қызды іздестіріп жатыр.
19 маусымда сағат 15:00-де кәмелетке толмаған қыз үйден белгісіз бағытта кетіп, әлі оралмаған. Ол сұр түсті джинсы киіп, өзімен бірге қара түсті сөмкесі бар.
"Іздестіріліп жатқан бойжеткенге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауыңызды өтінеміз", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!