Instagram-да қазақстандықтар қара шай қауіпті екені туралы видеоны таратып жатыр. Ол бүйрек ауруына себеп болатыны, көз қысымын жоғарылататыны және асқазан, ішек жолдарының мәселелеріне әкеп соғатыны айтылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, қаптамадағы қара шай бүйрек ауруы қаупін арттырады деген пікірге ғылыми негіз жоқ. Бұған дейін ғалымдар қара шайды шамадан тыс тұтыну бүйрек тастарының пайда болуына әкеледі деп пайымдаған, бірақ кейін зерттеулер олардың арасында байланыс жоқ екенін көрсетті. Бүйрек ауруы мен қара шай ішудің арасындағы байланысты дәлелдейтін зерттеулер жоқ.
Қара шай көз қысымын жоғарылатып, көру қабілетіне теріс әсер етеді деген гипотеза да жалған.
"2017 жылы жасы 40-тан асқан 1678 адамның кофейні бар шай және кофейінсіз кофе ішкенді туралы мәліметтер бағаланған зерттеу шықты. Нәтижеде ыстық қара шайды көп ішетін адамдар тобында глаукоманың даму қаупі басқа сусындар немесе мұздатылған шай ішкендерге қарағанда төмен екенін көрсетті. Кейін ғылыми қауымдастық зерттеу сенімсіз, ал қара шайдың глаукоманың дамуына әсері туралы қорытындылар ерте жасалған деп тапты. Дегенмен қара шайдың көру қабілетіне зиян келтіретініне нақты дәлелдер табылмады", - делінген басылым мәліметінде.
Пакеттелген болсын, басқа болсын, қара шайдың құрамында кофеин мен таниндер болады. Олар ағзада шамадан тыс болса, іш өтіп, жүрек соғуы жиілейді, ұйқысыздық пайда болады, бірақ бұл үшін күніне кем дегенде 950 миллилитр шай ішу керек, яғни шамамен төрт саптыаяқ. Демек, қара шайдың зияны туралы ақпарат - негізсіз мәлімдемелер жиынтығы. Бүйрек ауруының дамуының немесе көру қабілетінің нашарлауы мен қара шай ішу арасындағы байланысты дәлелдейтін ғылыми зерттеулер жоқ.
Кофеин мен таниндер қаптамада жасалған болсын, жоғары сұрыпты болсын, қара шайдың кез келген түрінде болады. Бұл заттарды шамадан тыс пайдаланудың жанама әсерлерді болуы мүмкін, бірақ ол үшін күніне кемінде бір литр шай ішу керек екен.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!