- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қара нарықтағы құны...
Қара нарықтағы құны - 5 миллион теңге: Шу тұрғынынан ірі көлемде гашиш тәркіленді
Жамбыл облысында есірткі трафигі арнасының жолы кесілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 25 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктіден ішінде гашиш есірткісі бар полиэтилен қапшығы тәркіленді. Ер адам тыйым салынған заттарды Алматы қаласында сату үшін сақтаған.
"Алынған заттың жалпы салмағы 14 келі 20 грамм, бұл - шамамен 5600 доза. Олардың қара нарықтағы жалпы құны 5 миллион теңгеден асады. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова