Қара бетперде таққан қазақстандық жігіт Африкада мешіт пен мектеп салды

Қара бетперде таққан қазақстандық жігіт Африкада мешіт пен мектеп салды
Фото: видеодан скриншот

Қайырымдылықпен айналысатын қазақстандық қара бетперде таққан жігіт халықаралық деңгейде де жақсылық жасайды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанда мұқтаж адамдарға көмек көрсетіп жүрген құпия жан әлеуметтік желідегі парақшасында Африкада мешіт пен мектеп салып, құдық қазғаны туралы жазба жариялады. 

"Ассалаумағалейкум, құрметті інілер мен қарындастар. Біз қазір Африкадамыз. Мектеп салдық, мешіт тұрғыздық, құдық қаздық. Әлемді жақсы жаққа бірге өзгертейік", – деп жазды ол желіде. 

Видеодан жергілікті халықтың қуанып жатқанын көруге болады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

Еске салайық, жақында қара бетперде таққан жігіт алғаш рет сұхбат беріп, өзін Димаш Құдайбергенге теңегендерге жауап берген болатын. Бұл оның Африкаға алғашқы сапары емес. Былтыр Гамбия жұртын да қуантқан болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева