Қара бетперде таққан жігіт селден зардап шеккен 34 отбасыға үй сыйлады

Әлеуметтік желіде "қара бетперде таққан жігіт" атымен танымал қолданушы селден зардап шеккен 34 отбасыға үй сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кешірерсіз, апа. Сіздер судан зардап шектіңіздер ғой, иә? Рұқсат болса, Алланың қалауымен сіздер үйлі болдыңыздар", - деді видеода аты-жөні беймәлім, қайырымдылықпен айналысатын қара бетперде таққан жігіт.

Видеода бірнеше адамның қуаныштан шыққан көз жасы мен адам сенгісіз таңғалуын көруге болады. 

"Су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасы баспаналы болды. Біз сіздермен бірлесіп, 1 млн долларды су тасқынынан зардап шеккен Қазақстанның әр өңіріне үлестірдік. Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы. Әлемді бірге жақсы жаққан қарай өзгертейікй, - деп жазылған беймәлім адамның әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!