Қара бетперде таққан жігіт жалғызбасты әкеге үй сыйлады

Әлеуметтік желіде қайырымдылық жасап танымал болған қара бетперде таққан жігіт жалғызбасты әкенің баспаналы болуына көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, жалғызбасты әке кәмелет жасқа толмаған екі бала тәрбиелеп отыр. Әйелі рактан қайтыс болған. Қара бетперде таққан жомарт жігіт оған үй сыйлап қана қоймай, қолына ақша ұстатып, барлық қарызын жауып берді. 

"Жақында әйелім рактан қайтыс болды. Дәрігерлер әйелімнің екі төсін де алып тастады. Ота жасалды. Мен қарызға баттым. Әйелімді ажалдан арашалай алмадым. Мен оны қатты жақсы көрдім", - деді жалғызбасты әке. 

Айта кетейік, екі баласы бар жалғызбасты әке Тұрысбек lll топ мүгедегі. Қоқыс жинап күн көреді. Ал мектепте оқитын екі ұлы тігін шеберханасында жұмыс істеп, ақша табады. Олар отбасымен пәтерде тұрады. Қара бетперде таққан жігіттің тосынсыйынан кейін ер адам жылап жіберді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!