Қара бетперде таққан жігіт тағы бір отбасыны қуантты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жолы қара бетперде таққан жігіт дүкеннен азын-аулақ азық-түлік алып, үйіне бет алған баланың алдынан шықты.
Аяулымның жаcы 11-де, ата-анасы мылқау, мүгедек.
"Ата-анам кішкентай кезінен бері сөйлемейді, мүгедек. Біз осы үйді жалға алып тұрамыз. Моншаға барып жуынамыз. Өйткені бізде жуынатын жерлер жоқ. Менің әкем - "фасовщик", анам - тігінші", - дейді ол.
Аяулымның арманын естігенде көпшіліктің көзіне жас келері анық. Өйткені ол "ата-анасымен сөйлескісі келеді". Оған "басқа ештеңе керек емес".
"Аяулым, қарындасым, сенің бұйырса, ата-анаң емге барады және сіздер үйлі боласыздар", - деді қара бетперде таққан жігіт.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!