Қара бетперде таққан жігіт тағы бір отбасыға үйдің кілтін табыс етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ер адамның бір көзінде кемістігі бар, ал әйелі қатерлі ісікпен (4-сатысы) ауырады. Ерлі-зайыпты үш баласымен 10 жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрады. Үйге газ да, су да тартылмаған.
"Өткен жолы сіз бен біз болып, әкесінің отасына және анасының еміне қаржылай көмек бергенбіз. Осы жолы біздің мақсатымыз - бұл отбасыны баспанамен қамтамасыз ету", - деді қара бетперде таққан жігіт.
Осыдан кейін ол бұл отбасыға конвертті ұсынады. Ал оның ішінде үйдің кілті бар еді.
"Сіз сияқты нағыз әке жайлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде айтқан: "Аса ауыр қиыншылықта балаларын қамқорсыз қалдырмаған әке жәннатта маған ең жақын болады". Осы жолы да Алланың жәрдемін алып келдік. Үйлі болдыңыз. Құттықтаймын", - деді ол.
Осы сәтте оның төсек тартып жатқан әйелі де, өзі де, балалары да қуаныштан жылап жібереді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!