Қар, тұман, көктайғақ: синоптиктер жексенбіде күтілетін ауа райын болжады

Қар, тұман, көктайғақ: синоптиктер жексенбіде күтілетін ауа райын болжады
Фото: depositphotos.com

Синоптиктер жексенбі, 17 қараша күнгі ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ел аумағының басым бөлігі антициклон сілкінісінің ықпалында болады. Болжамға сәйкес бұл құбылыс өзімен бірге жаңбырсыз ауа райын әкеледі.

"Тек республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, қар жауады. Жалпы республика бойынша тұман күтіледі", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейеді, солтүстікте қар жауады, батыста және солтүстік-батыста көктайғақ болады.

Астанада көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -7-9°, күндіз -2-4°.

Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2°, күндіз +7+9°.

Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°, күндіз +13+15°.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Литпин