- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кәрі қыз" сөзі...
"Кәрі қыз" сөзі құлағыма сағыздай жабысты". Танымал тележүргізуші тұрмыс құруға өзі ұсыныс білдіргенін мойындады
Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген "Мамский әңгіме" бағдарламасына берген сұхбатында тұрмыс құруға өзі ұсыныс білдіргенін мойындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дина Төлепберген дәл сол кісінің оның балаларының әкесі болуға лайық екеніне нық сенімді болғанын жеткізді.
"Күйеуіммен 3 жыл бойы қыз бен жігіт болып жүрдік. 3 жылдан кейін менің шыдамым таусылды. Мен ол кісіге ешқандай шүбә келтірген жоқпын, сенімімді ашық білдірдім. Өкінішке қарай, мен сияқты мінезі бар, белсенді қыздардан көпшілік қорқады. Бірақ, мен дәл сол кісінің менің балаларымның әкесі болуға лайық екеніне нық сенімді болдым. Сондықтан арада 3 жыл өткеннен кейін, оның үстіне ол кезде жасым 28-де болды, өзім Шымкенттің қызы болғандықтан, құлағыма сағыздай жабысып қалған "кәрі қыз" сөзі болды. Сөйтіп ол кісіге барып, "тағдырдың бізді қосуына өзімді лайық деп санаймын, егер сіз маған үйленуге ұсыныс жасасаңыз, мен қарсы болмас едім" деп айттым. Ол ойланып қалды. Кейінірек ол осындай сөздерді күтіп жүргенін жеткізді. Өйткені кейбір ер адамдар ұсынысына қыздың "иә" деп жауап беретінін күмәнданатын болса, олар да бір айтуға сескенеді екен. Оларға да қыздың "жоқ" деген жауабы ауыр тиеді. Мен бұрын сезімімді бірінші болып білдіретін болсам, бұл бір өзімді төмендету, кемсіту деп ойлайтынмын. Бірақ, қазір бақыт үшін күресу керегін мың пайыз сенімді айта аламын", - деді тележүргізуші.
Айта кетейік, бұған дейін "Анама қарсы шықтым". Дина Төлепберген ешкімге айтпаған жан сырын ақтарғаны хабарланған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә