“Кәрі қыз” деген жиіркенішті атау“. Дина Төлепберген 28 жасында тұрмысқа шыққанын айтты

“Кәрі қыз” деген жиіркенішті атау“. Дина Төлепберген 28 жасында тұрмысқа шыққанын айтты
Фото: instagram.com/dina_tolepbergen/

Танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген 28 жасында тұрмысқа шыққанын айтып, әйелдерге арналған жаңа жобасын таныстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналистің жаңа жобасы әйелдер мен олардың проблемалары туралы болады. 

"Қызды да, ұлды да шаңырақ көтеруге асықтырмаңыздар! Мен, мәселен, 28 жасымда тұрмысқа шықтым. Сол уақытқа дейін құлағыма сағыздай жабысты "Кәрі қыз" деген жиіркенішті атау. Құтыла алмай жатқандай, "қашан тұрмысқа шығасың?" деп сұрау – манипуляция! Яғни жеке шекарадан аттау!", – деп жазды Дина Төлепберген. 

Дина Төлепбергеннің жаңа жобасының алғашқы қонағы Құралай Анарбекова болыпты. 

"Құралай да: "Құлағыңды жегідей жейтін сөздер жүрегіме ауыр тиеді" – дейді. Тағы қайталаймын, әр ұл, әр қыздың өз шекарасы бар, оны бұзбауды ата-ана, жақын деген адамдар өздерінен бастауы керек. Таяуда авторлық жобам жарыққа шығады. Din Dina Show – әйелдер үшін.
Қонағымыз Құралай Анарбекова", – деп хабарлады журналист. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DINA TOLEPBERGEN (@dina_tolepbergen)

Еске салайық, жақында жаңа телеграм канал ашқан Дина Төлепберген өзін түрлі бағыт пен түрлі салада байқап көргісі келетінін жеткізген болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева