• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қар көшкіні кезінде не істеу керек?

Қар көшкіні кезінде не істеу керек?
Фото: Midjourney

ТЖМ құтқарушылары қыстағы ауа райына байланысты қауіпсіздік ережелерін еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство өкілдері мынадай кеңес берді:

  • Маршрутыңызды егжей-тегжейлі зерттеңіз.
  • Қар көшкіні, сел қаупі бар жерлерден аулақ болыңыз, әсіресе қатты жауын-шашыннан кейін.
  • Жақындап келе жатқан ағынның шуын естігеннен кейін бірден 50-100 метр жоғары көтерілу керек.
  • Қар көшкіні мен селден тек қашу арқылы құтылуға болады.
  • 112 бірыңғай нөмірінен ескертулерді қадағалаңыз, қар көшкіні мен сел қаупі төнген жағдайда тауға бармаңыз. 

Бұған дейін не болды?

Еске салайық, бұған дейін де ШҚО-да қар көшкіні жүрді.

"Қазселденқорғау" ММ мәліметінше, Ұлан ауданында облыстық маңызы бар Өскемен - Самара тасжолының 101-шақырымында жауын-шашын мол жаууына және жел күшеюіне байланысты жалпы көлемі 370 м3 қар көшкіні түскен.

ТЖМ тұрғындарға тауға барудан бас тартуды ұсынады. Көшкін қаупі бар ошақтар тасжолдарға қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтамаған жөн.

Айта кетейік, ұялы телефоннан шұғыл қызметтерді шақыру үшін бірыңғай нөмір - 112.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget