Алматылықтарға 26-28 наурыз аралығында тауларда қар көшкіні жүру қаупі туралы ескертілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, Үлкен және Кіші өзен бассейндеріндегі еріген және тұрақсыз қар жамылғысына байланысты тауларда қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейі сақталған.
"Медеу ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы "Қазселденқорғаумен" бірлесіп аумағында қар көшкіні қаупі сақталып отырған "Пионер" компаниялар тобына мониторинг жүргізді. Қазіргі уақытта демалыс орны жабық. Әкімшімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, демалушылар мен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін Іле-Алатау ұлттық саябағында (Алмарасан, Аюсай) қар көшкіні қаупі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылып жатыр. ПД бекеттері құрылды, "Қазселденқорғау" қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.
Жыл басынан бері жалпы көлемі 62 мың текше метрден асатын 60-тан аса қар көшкіні оқиғасы тіркелген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!