Қар көшкіні болып, алты адам жоғалып кетті

Қырғызстанның Жалал-Абад облысында қар көшкіні болып, алты адам жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 9 қазанда бір топ адам емдік шөп жинауға тауға шығып кеткен. Оның ішінде Қаныш-Қия ауылынан 13 адам және бір қытайлық азамат болған. Олардың ішінде бірнеше адам құтқарылды. 

Құтқарылған адамдардың сөзінше, Ақ-Сай асуында қар көшкіні жүрген.

"Іздеу жұмыстарымен екі құтқарушылар отряды жұмылдырылды. Құтқару операциясымен жалпы 20 адам айналысып жатыр. Төтенше жағдайлар министрі іздеу жұмыстарын бақылауына алып,  тиісті бөлімшелердің басшыларына тапсырма берді", - дейді Төтенше жағдайлар министрлігі қызметі. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!