- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қар көшкіні болып,...
Қар көшкіні болып, алты адам жоғалып кетті
Фото:
depositphotos.com
Қырғызстанның Жалал-Абад облысында қар көшкіні болып, алты адам жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 9 қазанда бір топ адам емдік шөп жинауға тауға шығып кеткен. Оның ішінде Қаныш-Қия ауылынан 13 адам және бір қытайлық азамат болған. Олардың ішінде бірнеше адам құтқарылды.
Құтқарылған адамдардың сөзінше, Ақ-Сай асуында қар көшкіні жүрген.
"Іздеу жұмыстарымен екі құтқарушылар отряды жұмылдырылды. Құтқару операциясымен жалпы 20 адам айналысып жатыр. Төтенше жағдайлар министрі іздеу жұмыстарын бақылауына алып, тиісті бөлімшелердің басшыларына тапсырма берді", - дейді Төтенше жағдайлар министрлігі қызметі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина