"Қазгидромет" Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
28 қаңтар күні Алматыда күндiз +3+5 °C жылы болады, ал түнде -5-7 °C аяз күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 0-5 м/с.
29 қаңтар күні Алматыда күндiз +1-1 °C жылы болады, ал түнде -5-7 °C аяз күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 0-5 м/с.
30 қаңтар күні Алматыда күндiз +1-1 °C жылы және жолдарда көктайғақ болады. Ал түнде -3-5 °C аяз және қар жауады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!