Синоптиктер 16-18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Синоптиктер мәліметінше, елдің басым бөлігінің ауа райына солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Сондықтан жауын-шашын тоқтап, температура төмендейді.
"Кезеңнің соңында атмосфералық фронттар өтуіне байланысты жауын-шашын болады, солтүстікте қар, оңтүстік пен батыста жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша жел екпіні секундына 15-23 метрге дейін күшейеді, көктайғақ болып, тұман түседі. Солтүстік, шығыс, орталықта бұрқасын болжанады. Түнде ауа температурасы солтүстікте, шығыста, орталықта 8-22 градус аязға дейін төмендейді", - делінген синоптиктер болжамында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!