Қазгидромет 14, 15, 16 cәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қар, бұршақ жауады
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты болып, жауын-шашын жауады. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендеп, жаңбырдың арты қарға ұласып, көктайғақ болуы мүмкін.
Үш күн бойы батыста, 16 сәуірде оңтүстікте, 15-16 сәуірде солтүстікте, орталықта қатты жаңбыр, бұршақ жауып, жел соғады. 14 сәуірге қараған түні шығыста да қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Ауа температурасы төмендейді:
- батыста түнде +2…+10 градус, күндіз +10…+15 градус;
- солтүстікте түнде -2…-8 градус, күндіз 0…+7 градус;
- оңтүстікте түнде +3…+13 градус, күндіз +8…+18 градус.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова