Қар жауып, көктайғақ болады: Қазақстанда күн күрт суытады

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағында күн құбылады. Кей өңірлерде жаңбыр жауса, енді бір аймақта қар жауады. Сондай-ақ көктайғақ пен тұман күтіледі, деп хабарлайды Massaget.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, 11 және 12 қарашада Қазақстанның тек батыс өңірлерінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Басқа аймақтарда жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде жауын-шашын қатты болуы мүмкін.

Жолда абай болыңыз!

Түнде және таңертеңгі уақытта еліміздің барлық аумағында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.

Қайда жылы болады, қай жерде күн суытады?

Алдағы үш күнде күндізгі ауа температурасы аймақтар бойынша айтарлықтай өзгереді:

Батыс ☁️
+3...+12°C
Солтүстік-батыс 🌫️
0...+8°C
Солтүстік, шығыс және орталық 🌨️
-3...+5°C
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс 🌧️
+2...+10°C

Қазақстанда қараша айы қандай болады?

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылдың қараша айы Қазақстанда климаттық нормадан жылы болады деп күтілетінін, бірақ ел тұрғындарына тұрақты жылы ауа райына сенудің қажеті жоқтығын айтқан болатын. Ай бойы жаңбыр, жылбысқы қар, бұрқасын және температураның күрт өзгеруі болжанады. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда кей күндері түнгі аяз 18 градусқа дейін жетуі мүмкін.