Қар жауып, жел тұрады: алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде - 28, 29 және 30 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Болжам бойынша алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Әсіресе республиканың оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Айдың аяғына қарай республиканың барлық бөлігінде жауын-шашын жауып, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.

"Температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді", - деді метеорологтар.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 13 қала тұрғындарына ескерту жасаған еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз