Қазгидромет 13, 14, 15 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері атмосфералық фронттар өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар болжанып отыр. 15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
15 қазанда елдің шығысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Тек республиканың орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды. Жел күшейіп, түнгі, таңғы уақытта тұман түседі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!