Қар жауады: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 6, 7, 8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

6-8 қазанда атмосфералық фронттар әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, қар болжанып отыр. Республика бойынша көктайғақ болып, жел күшейіп, түнде, таңертең тұман түседі.

Елдің батысында ауа температурасы түнде +2+12 градусқа дейін, күндіз +17+22 градусқа дейін жоғарылайды.

Солтүстік-батыста, солтүстікте түнгі ауа температурасы -1-6 градустан +3+1 градусқа дейін, күндіз 0,+5 градустан +5+20 градусқа дейін көтеріледі.

Шығыста, орталықта түнде ауа температурасы 0,+7 градус, күндіз +2+15 градус болады.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнгі ауа температурасы +2+8 градустан +5+10 градусқа дейін жоғарылайды, таулы жерлерде 1-3 градус аяздан 0,+5 градусқа дейін ауытқиды. Күндіз ауа температурасы +12+17 градустан +17+22 градусқа дейін, таулы жерлерде +4+9 градустан +9+14 градусқа дейін жоғарылайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!