- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қар, жаңбыр, тұман:...
Қар, жаңбыр, тұман: 28 ақпанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Синоптиктер 28 ақпанда елдің бірнеше өңірінде тұман түсіп, жаңбыр мен қар жауатынын және екпіні күшті жел соғатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман.
Түркістан облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман.
Қарағанды облысында батысында тұман.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан