Қазгидромет синоптиктері дүйсенбіден бастап алдағы үш күнге - 19, 20 және 21 қаңтарға - арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
19 қаңтарда елордада ауа райы құбылмалы бұлтты болады, күндіз қар жауып, бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғады: түнде 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –20…–22°, күндіз –13…–15°.
20 қаңтарда құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар жауып, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде –17…–19°, күндіз –14…–16°.
21 қаңтарда түнде қар жауып, боран болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады: түнде 9–14 м/с, күндіз 3–8 м/с. Түнде –20…–22°, күндіз –15…–17°.
19 қаңтарда ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 2–7 м/с. Температура түнде –13…–15°, күндіз –6…–8°.
20 қаңтарда жауын-шашынсыз, кейде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде –13…–15°, күндіз –3…–5°.
21 қаңтарда да жауын-шашынсыз, кейде тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде –11…–13°, күндіз –3…–5°.
19 қаңтарда құбылмалы бұлтты, күндіз қар жауып, көктайғақ пен тұман байқалады. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Температура түнде –5…–7°, күндіз –1°-ден +1°-қа дейін.
20 қаңтарда жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Температура түнде –8…–10°, күндіз –2…–4°.
21 қаңтарда күндіз жаңбыр жауады, кей уақытта тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Температура түнде –7…–9°, күндіз +3…+5°.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!