Синоптиктер 15 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Жамбыл облысының тау етегіндегі аудандарда өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Іле Алатауында оңтүстік-батыс желі соғады, кей уақытта екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
"Алматы облысында күндіз жаңбыр жауады. Онтүстік-батыс желі, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Жетісу облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Солтүстікте, таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман түседі", - деп жазды синоптиктер.
Бүгін Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында көқтайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында күші - 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 25 м/с жетеді.
Астана қаласында жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 17-22 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың басым бөлігінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.
"Бүгін Павлодар облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін барады.
Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші - 15-20, екпіні - 23-28 м/с.
Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады", - делінген хабарламада.
Абай облысында бұрқасын, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында да бұрқасын, көктайғақ.
Қостанай облысында жауын-шашын болады, облыстың шығысында қатты жауын (көбінесе қар) жауады. Облыстың басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын, шығысында тұман түседі.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с дейін барады.
Шымкент қаласында таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр басымырақ) болады. Батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қарағанды қаласында түнде және таңертең қар жаууы мүмкін. Батыстан жел соғады.
Ұлытау облысының басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын. Батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 28 м/с дейін барады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!