Қар, бұрқасын, көктайғақ: барлық өңірде ескерту жарияланды

Қазақстанның барлық облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз қар, бұрқасың, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қостанайда 23 желтоқсанда күндіз, қар, бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, бұрқасын, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде аздаған қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавлда 23 желтоқсанда күндіз аздаған қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с. Өскеменде 23 желтоқсанда түнде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Астанада 23 желтоқсанда жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Алматыда 23 желтоқсанда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаевта 23 желтоқсанда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шымкентда 23 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістанда 23 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ақтауда 23 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылордада 23 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.

Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда 23 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, бұрқасын, күндіз аздаған қар, бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда 25 м/с. Көкшетауда 23 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбеде 23 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырауда 23 желтоқсанда таңертең тұман

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ. Жезқазғанда 23 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!