Қар, бұрқасын, жел: Қазақстан солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады

"Қазгидромет" Қазақстандағы алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктер 21 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының ықпалы болатынын хабарлады. Яғни қар жауып, бұрқасын тұрып, екпіні күшті жел соғатыны күтіліп отыр.

Тек республиканың батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.

21 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында, 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қалың қар жауады.

23 желтоқсанға таяу батыс антициклонының ауысуымен еліміздің оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Температураның әсерінен күрт өзгерістер күтіліп отырған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 21 желтоқсанда елдің 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасаған болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!