Синоптиктер 20, 21 және 22 желтоқсанға арналған Астана мен Алматыдағы ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада ауа райы қандай болады?
- 20 желтоқсан: бұлтты, қар, боран, көктайғақ. Жел – оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде –7…–9°, күндіз –4…–6°.
- 21 желтоқсан: көшпелі бұлтты, түнде қар, боран. Жел – оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –25…–27°, күндіз –18…–20°.
- 22 желтоқсан: көшпелі бұлтты, кей уақытта қар, төменгі боран. Жел – оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –20…–22°, күндіз –8…–10°.
Алматыда ауа райы қандай болады?
- 20 желтоқсан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Жел – солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде –4…–6°, күндіз 0…+2°.
- 21 желтоқсан: бұлтты, қар, күндіз кей уақыттарда қатты қар. Кейде тұман, көктайғақ. Жел – солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –3…–5°, күндіз 0…–2°.
- 22 желтоқсан: көшпелі бұлтты, түнде қар. Кейде тұман, көктайғақ. Жел – солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –5…–7°, күндіз 0…–2°.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!