17 желтоқсанда Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауып, боран соғады. Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Ақмола облысы - қар, боран, жолдарда көктайғақ. Жел екпіні 9–20 м/с. Түнде –14…–19°.
Астана - бұрқасын, көктайғақ, жел екпіні 18 м/с-қа дейін. Түнде және күндіз –15…–17°.
Алматы облысы - жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, таулы аудандарда қар, тұман, көктайғақ. Жел 9–14 м/с. Түнде 0…–5°, тауда –8°-қа дейін, күндіз 0…+5°, тауда –8°-қа дейін.
Алматы - көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Түнде 0…–2°, күндіз +3…+5°.
Жетісу облысы - қар, жаңбыр, тұман, көктайғақ. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін. Түнде +1…–6°, тауда –14°-қа дейін, күндіз 0…+5°.
Түркістан облысы - оңтүстікте және тауда жаңбыр, қар, көктайғақ, тұман. Кешке қарай қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Жел 8–13 м/с, асуларда 20 м/с-қа дейін. Түнде 0…–10°, күндіз +2…+7°.
Батыс Қазақстан облысы - қар, бұрқасын. Жел 9–14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін. Түнде –13…–18°, күндіз –2…–7°.
Атырау облысы - жауын-шашынсыз, тұман. Жел 7–12 м/с. Түнде –11…–13°.
Маңғыстау облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігі мен орталығында тұман, солтүстік-шығысында көктайғақ. Жел 9–14 м/с. Түнде –11…–16°, күндіз –4°…+1°.
Ақтөбе облысы - күндіз аздап қар. Батысы мен оңтүстігінде тұман. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде –15…–20°, күндіз –8…–13°.
Қостанай облысы - аздап қар, бұрқасын. Күндіз жел 9–14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін. Түнде –18…–23°.
Солтүстік Қазақстан облысы - қар, бұрқасын. Жел 15–20 м/с, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні күшеюі мүмкін. Түнде –15…–20°, облыстың солтүстігінде –23°.
Павлодар облысы - түнде қар, бұрқасын. Жел 9–14 м/с, батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Түнде және күндіз –13…–18°.
Қарағанды облысы - қар, бұрқасын. Жел 9–14 м/с, түнде және таңертең екпіні 15–20 м/с болуы мүмкін. Түнде –12…–17°, күндіз –10…–15°.
Ұлытау облысы - түнде аздап қар, бұрқасын. Жел 9–14 м/с, түнде облыстың шығысында екпіні 15–20 м/с болуы мүмкін. Түнде –15…–20°, күндіз –10…–15°.
Шығыс Қазақстан облысы - қар, бұрқасын. Түнде және таңертең солтүстігі мен оңтүстігінде тұман. Жел 9–14 м/с, кей жерде 15–20 м/с. Түнде және күндіз –4…–9°.
Абай облысы - түнде қар, бұрқасын, күндіз бүкіл аумақта қар және боран. Түнде және таңертең кей жерде тұман. Жел 9–14 м/с, кей жерде 15–20 м/с. Түнде –6…–11°, күндіз –6…–11° (әрі қарай төмендейді).
Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз, кей жерде тұман. Жел 5–10 м/с. Түнде –8…–13°, күндіз –5…–10°.
Жамбыл облысы - түнде таулы аудандарда қар, кей жерде қатты қар және бұрқасын. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), тауда қар, жаяу бұрқасын, кей жерде қатты қар. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Жел 9–14 м/с. Түнде 0…–9°, күндіз –2…+3°, таулы аудандарда түнде –9°, күндіз –5°.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!